01 қыр, 2022 сағат 12:25

"Елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек" - Президент


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында шетелдік көлікті тіркеу мәселесін реттеуге назар аударды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Автокөлік сатып алу кезінде төленетін алым-салық мәселесіне жеке тоқталайын. Кейбір жақын шетелдерден әкелінген автокөліктерге қатысты түйткілдер баршаға мәлім. Заң аясынан тыс қалып отырған мұндай көліктер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруде. Заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет.

Сондай-ақ, 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек. Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынамын. Бұл – іздеу салынбаған және кеден рәсімдерінен өткен көліктерге ғана қатысты шара" - деді Мемлекет басшысы.