Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леаомен жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
12-раундтан тұратын жекпе-жек 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді. Олар орта салмақтағы IBO бойынша әлем чемпионатының бос белбеуіне таласады.
Елеусінов пен Леао арасындағы жекпе-жек шоудың басты оқиғасы болады. Оны "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Қазақстандықтың салмағы - 66,4 келі, ал аргентиналықтың салмағы 66,5 келі болды.
Еске салайық, бастапқыда Елеусіновтің қарсыласы 33 жастағы мексикалық Данте Хардон (34-7, 25 КО) болуы керек еді, бірақ ол жарақат салдарынан қатыса алмады.