Алматыда елден 400 мың АҚШ долларынан аса ақша әкетпек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау барысында 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан аса ақша әкету әрекетінің жолын кесті. Олардың бір бөлігі қос түбі бар сөмкеге жасырылған", - делінген хабарламада.
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі
2022 жылы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден аса сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкету дерегінің алдын алды.
ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқықбұзушылық әрекетін болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажет екенін еске салды.