Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумына үндеу жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
***
Бүгін баршамыз үшін ерекше күн.
Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында еліміздің білімді де білікті, іскер де белсенді жастары республикалық форумда бас қосып отыр.
Баршаңызды егемендігіміздің отыз жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – тәңірдің біздің ұрпаққа берген баға жетпес сыйы.
Отыз жыл – халқымыз үшін тарихи белес.
Біз осы уақыт ішінде ата-бабамыздың асыл арманын орындап қана қоймай, оны баянды ете білдік.
Қазақстанды әлем таныған, жаһан мойындаған іргелі мемлекетке айналдырдық.
Бұл – барша халқымыздың ортақ жеңісі.
Мен Қазақстанды Тәуелсіз мемлекет деп жариялаған тұста елімнің келешегі жарқын, халқы бақуатты, жастары бақытты болсын деп армандадым.
Өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, лайықты өмір сүруі жолында аянбай еңбек еттім.
Бүгінде сол арманым орындалып отыр.
Тәуелсіздік жылдары біз дамыған елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті жаңа буын тәрбиеледік.
Дорогие друзья!
Молодёжь – это самая активная и мобильная часть общества.
Во все времена именно молодёжь являлась катализатором исторических преобразований, а также стратегическим ресурсом благополучного будущего.
Особые надежды на молодое поколение возлагаются и в Казахстане.
С первых дней независимости одним из главных приоритетов государственной политики была всесторонняя поддержка молодёжи.
За эти 30 лет мы смогли воспитать новую формацию людей, готовых брать на себя ответственность за судьбу Отчизны.
Они энергичны и образованы, физически и профессионально подготовлены, мобильны, более адаптированы к изменчивым социально-экономическим условиям современности.
Я неоднократно подчёркивал, что энергия, целеустремлённость и инициативность молодёжи является залогом успешного развития Казахстана.
Многие выдающиеся достижения в науке, бизнесе, культуре и спорте связаны с именами молодых казахстанцев.
Молодёжь не остаётся в стороне и от активного участия в общественно-политической жизни нашей страны.
Молодые патриоты Казахстана укрепляют достижения независимого государства во всех сферах его деятельности.
Сегодня перед страной стоит масштабная задача – войти в 30-ку самых развитых государств мира.
Именно молодёжь Казахстана проложит путь к этой цели, преодолев все вызовы и угрозы.
Уверен, что так и будет.
Ведь у молодого поколения казахстанцев есть чёткое понимание того, что добиться личного успеха и общего процветания можно только активным участием в жизни своей страны.
Общенациональные ценностные ориентиры, такие как взаимопомощь, толерантность и единство, сплачивают и молодёжь, и всё современное казахстанское общество.
Благодаря этим постулатам за 30 лет своей независимости мы построили процветающее государство, воплотив в реальность мечты наших предков.
Сегодня каждый из нас должен быть готов жить и работать ради Казахстана и его будущего.
Я обращаюсь к молодёжи Казахстана с призывом: созидайте, мечтайте, творите и любите, живите во благо нашей страны!
Вы – новые крылья независимого Казахстана!
Ардақты менің достарым!
Тәуелсіздікпен қатар дүниеге келген ұрпақ қазір орда бұзар отызға толып отыр.
Буыны бекіп, қанаты қатайып, талай игілікті іске ұйтқы болар жасқа жетті.
Туымызды биік ұстайтын, ұлтымызды ұлы мұраттарға бастайтын сол тәуелсіздік ұрпақтары – сендерсіңдер.
Қай заманда да тарихты өздерің сияқты жалынды жастар, білімді азаматтар жасаған.
Сендерге айтарым – әр кезеңнің өз қиындығы мен сынағы болады.
Қазіргі күрделі ахуалды көріп отырсыңдар.
Дүние мың құбылып тұр.
Осынау аумалы-төкпелі заманда тек білім мен ғылым қуған ел ғана сенімді алға басады.
Осы жолдан таймаңдар.
Біз – текті халықтың ұрпағымыз.
Қанымызда қайсарлық, бойымызда батырлық, жүрегімізде жігер бар.
Осы орайда Алаш қайраткерлерінің жастарға айтқан мына бір өсиеті ойыма оралып отыр.
«Біз бай, білімді әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін – кәсіп, білімді болу болу үшін – оқу керек. Ал күшті болу үшін – бірлік керек».
Береке-бірлік барда алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ.
Халқымыздың ұлы жеңістерінің бәрі татулық пен тұрақтылықтың арқасында келген.
Әлі де алға қойған асқақ армандарымыз бен биік мақсаттарымыз көп.
Қазақстанды озық отыз елдің қатарына қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осы орайда жастарға зор үміт артамын.
Сендерді ұлт мүддесі жолында аянбай қызмет етуге шақырамын.
Егемендік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы екенін ешқашан ұмытпаңдар.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!