02 сәу, 2019 сағат 13:22

Елбасы Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қарасай ауданының дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.

Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.