Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз елімізде берік экономикалық негіз қалыптасты.
Тарихи маңызы аса зор құрылымдық, конституциялық реформалар жүргізіліп келеді. Стратегиялық мақсат – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Елбасының биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналды. Мұнда халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылған.
Елдің ішкі экономикасын дамытуда отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру жолдары да атап көрсетілді. Ең бастысы, бұл Жолдауда Қазақстанның болашақта даму жолының бағыт-бағдарлары айқындалып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың нақты жолдары көрсетілді.
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы халық табысының өсуіне негізделіп, өз кәсібін жақсы меңгерген азаматтардың мониторингі жасалуда. Адамдар өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табысқа жететініне ерекше назар аударылды. Елбасы мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра алатынымызды жеткізді.
Жолдауда экономикалық критерийлердің дамуына басымдық берілді, мұның өзі Қазақстанның әлемдік кеңістікте ұлттық мемлекет ретінде тұрақтануына даңғыл жол ашады.
Елбасы, әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны әрі қарай жандандырудың жолдарын айқындады. Сонымен қатар, елімізде соңғы уақытта қолға алынған «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруда жергілікті әкімдерге бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл кез келген қазақстандықтың несиеге пәтер алуына мүмкіндік береді.
«Адамдардың сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін арттырады» деді Елбасы. Осы тұрғыда сыбайлас жемқорлықпен күрес белсенді жүргізілуі тиіс.
Елбасы Жолдауының басты ерекшелігі – ел тұрғындарын толғандырған әлеуметтік-экономикалық, құқықтық мәселелерді жедел әрі қолжетімді етіп шешуге бағытталуында.
Тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекетімізді өркендету жолында Елбасы айқындаған стратегиялық бағытты әрдайым ұстансақ, ұлы істерді, жетістіктерді кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жалғастырарымыз ақиқат. Бұл – әр азаматтың міндеті.
Бақытжан БУКЕБАЕВ,
Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.