15 ақп, 2022 сағат 15:06

Ел намысын қорғап, абыройлы өнер көрсеттім деп ойлаймын – Абзал Әжіғалиев


Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта үздік төртінші орынға ие болған жерлесіміз Абзал Әжіғалиев жарыстан кейінгі әсері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел намысын қорғап, абыройлы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Медаль алуыма тактика жетіспеген шығар. Мен үшін финалға дейінгі кезең қиын болды, себебі қарсыластарым олимпиада чемпионы еді. Ал жартылай финалда шорт-тректен Қытайдың олимпиада чемпионымен қарсылас болдым. Шорт-тректің бір айырмашылығы алдын ала ешқандай болжам жасау мүмкін емес», - деді Абзал Әжіғалиев Бейжіңнен тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, спортшы жарыс барысында бар күшін салғанын айтты. 

«Көрермендерге көңіл-күй сыйлай білдім деген үміттемін. Және қарапайым халық шорт-тректің қандай спорт екенін тани түсті деп сенемін. Себебі халық көбіне шорт-тректі конькимен шатастырып немесе байланыстырып жатады. Негізі шорт-тректің өзі іштей бірнеше түрге бөлінеді. Сондай-ақ, жарыстың 4 жыл сайынғы олимпиадамен бітпейтінін еске салғым келеді. Шорт-тректен Азия чемпионаты, әлем кубогы бар», - дейді ол.