16 қар, 2017 сағат 15:18

Экстремистік идеологияны насихаттаған ОҚО-ның 11 тұрғыны ұсталды

Whatsapp пен Telegram арқылы хабарлама таратқан ОҚО-ның 11 тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 16 қарашада ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі істер органдарымен бірге операция жүргізді. Оның шеңберінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігі бойынша Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғыны ұсталды.

"Көрсетілген адамдар Whatsapp, Telegram мессенджерлерінде және Интернет әлеуметтік желілерінде "ДАИШ" және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан. Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу және өзге де іс-шаралар жалғасып жатыр.