Астана сотындағылар ҚР ауыл шаруашылығының бұрынғы вице-министрі Мүсілім Өмірияевтің не себепті бостандыққа шыққанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
2016 жылдың 28 желтоқсанында Астана қаласының Алматы аудандық № 2 соты сотталған Өмірияевтің өтелмеген жазасын жеңілдетуге қатысты өтінішін қарады.
"Астана қаласының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылдың 16 қазанындағы шешіміне сәйкес, Мүсілім Өмірияев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша ("Пара алу") 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылдың 8 қарашасындағы шешімімен Өмірияевтің жазасы 366-баптан 362-бапқа ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") ауыстырылып, ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген Астана сотының хабарламасында.
"Сот отырысы барысында сотталушының жазасын қажетті бөлігін өтеп қойғаны, жазасын өтеп жатқан жердегі жақсы мінездемесі бар екені, сотталушылардың өздері ұйымдастырған ұйымдарға қатысып жүргені анықталды. Процессуалдық шығындар өз еркімен толықтай өтелген", - делінген соттың хабарламасында.
"Сотталушының өтінішін қарап шыққан бірінші инстанциялы соттың 2016 жылдың 28 желтоқсанындағы шешімі бойынша, Мүсілім Өмірияевтің жазасының өтелмеген бөлігі жеңілдетілді", - Астана қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, сотттың үкімімен қалған жазаға пробациялық бақылау белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың 16 қазанында Астана қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы 5-бөлігі бойынша Мүсілім Өміриявті аса ірі көлемде пара алды деп айыптап, 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ мүлкін тәркілеуге үкім шығарған еді.
Кейін Өміриявтің қорғаушысы айып іске қатысты материалдармен сәйкес келмейді деп қарсы арызданған болатын. Бірақ апелляциялық арыз қайта қаралмай қалды.
Мүсілім Өмірияев 2013 жылдың 21 желтоқсанында аса қомақты мөлшерде - 100 мың доллар сомасында пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сол уақытта тергеу жоғары лауазымды шенеуніктің Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген мемлекеттік сатып алу конкурсында алматылық кәсіпкерге көмектескен деген нұсқаны ұсынған. Бірақ Өмірияев өзіе тағылған айыптарды мойындамады