Спорт және туризм министрінің бұрынғы басшысы Темірхан Досмұхамбетовтің үйін тонады деген іс бойынша үш адам сотталды. Үш қылмыскерге алты және жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, қылмыскерлер экс-басшыдан үш миллион доллар мен 50 мың еуро қаржы сомасын ұрлап кеткен. Сондай-ақ, олар Досмұхамбетовке тиесілі заттардан 50 миллион теңге мен қол сағатын да ұрлаған.
"Бұл іс бойынша үш адам айыпты деп танылды. Бостандық аудандық №2 қылмыстық істер жөніндегі соты Ж. есімді қылмыскерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында ("Ұрлық" - автор.) кінәлі деп таныды. Оған алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасы қолданды.
М. сол кодекске ұқсас заң бойынша сотталды. Үшінші қылмыскер сол кодекспен жеті жылға сотталып, қылмыстық-атқарушы жүйесінде максималды түрде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мекемеде жазасын өтейді" , - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, 2017 жылдың жаз айында азамат Досмұхамбетовтің үйіне белгісіз адамдар Daewoo Nexia маркалы автокөлікпен кірген. Көліктен бірнеше адам шыққан. Араға бірер минут салып, ұрылар үйден ақша мен сағатты шығарып алған. Шабуылшылар тұрғын үйге кіріп, жатын бөлмеде орналасқан металлды сейфті бұзған.