Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы өтетін күнді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық істің материалдарын қарап: ҚІЖК-ны бұзу деректерін жою және қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтату және Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту мақсатында сотталушылар мен қорғаушылардың қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты. Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті айыптау бойынша қылмыстық іс өндіріске қабылдансын. Басты сот талқылауы 26 мамыр сағат 10.00-ге жалпы тәртіппен ашық сот отырысында тағайындалсын", - деп қаулы етті Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов.
Еске салайық, бұған дейін сот заңбұзушылықтарды жою үшін экс-шенеуніктерге қатысты қылмыстық істі прокурорға қайтарған болатын. 11 мамырда өткен алдын ала тыңдауда Біртановтың адвокаттары заңбұзушылықтар жойылмағанын мәлімдеді.