71 көпқабатты проблемалық үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел штабтың жетекшісі — премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осы үйлердің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстары аяқталғанын жеткізді. Оның айтуынша, қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде.
Жедел штаб жүргізілген жөндеу жұмыстарының тізбесі берілген барлық зардап шеккен үйдің тізімін жариялады.
Айта кетейік, Екібастұзда 689 көп қабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған.