06 жел, 2022 сағат 01:34

Екібастұзда ЖЭО учаскесінің басшысы өлі табылды


Екібастұзда гараждардың бірінен жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды. Өлімнің себептерін полицейлер анықтайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Екібастұз жылу орталығы қызметкерінің қайтыс болғаны туралы ақпарат Instagram-да 5 желтоқсан кешке пайда болды.

ЖЭО учаскесінің 33 жастағы басшысы зорлық-зомбылық белгілерінсіз ВАЗ-21099 автокөлігінің салонынан табылған.

Екібастұз полиция басқармасы бұл дерек тіркелгенін және ол бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын растады.

"Бұл дерек Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелген. Тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.