Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде 14 және 4 жастағы екі баланы көлік қағып кетті. Жарақат алған екі бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 1 наурызда таңғы сағат 7.45-те Жүсіп пен Торайғыров көшелерінің қиылысында болған. Көлікті әйел жүргізіп келе жатқан.
"Hyundai Accent көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатқан 2007 және 2017 жылы туған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған балалар ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысының полиция өкілі.