Фото:Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Екібастұзда есірткіге мас болған жүргізуші жол апатын жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 желтоқсан түнгі уақытта 32 жастағы ВАЗ жүргізушісі Кеншілер көшесімен келе жатып, ағашқа соғылған. Апат салдарынан 20 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болып, 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылған.
Фото: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші есірткіге мас болған. Оның көлік басқару құқығы жоқ екендігі де анықталды.
Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылған.
Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.