Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. ТЖ режисі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"ҚР «Азаматтық қорғау туралы» заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 17 көпқабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды тұлға нысаны әлі де жылусыз отыр.
Еске салайық, осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын хабарлаған едік.