03 қаң, 2023 сағат 18:32

Екібастұзда су құбырындағы апат салдарын жоюға ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Екібастұздағы апат салдарын жоюға жұмылдырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"3 қаңтарда сағат 06.00-ден бастап Екібастұз гарнизонының құтқарушылары күшімен зақымдалған учаскеден суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағат 11-00-де «Қалалық су арнасы» МКК және «Инженерлік желілер» ЖШС қызметкерлері зақымдалған учаскені ауыстыру және диаметрі 500 мм техникалық су құбырын ажырату бойынша жөндеу жұмыстарын бастады.

Қалада жылу және сумен жабдықтау штаттық режимде жүріп жатыр (5 қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр және 5-еуі резервте). Сыртқы ауа температурасы - 2 С.

Авария орнына ТЖД, «Қалалық су арнасы» МКК-дан 58 адам және 16 техника мен құралдары жұмылдырылған. Қазіргі уақытта суды параллель айдау арқылы муфталарды қосу жүргізілуде" - делінген хабарламада.


Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша жылу желісін қоректендіру резервуарларындағы су деңгейі – 7,5 метр, сыни көрсеткіш – 1,6 метр. ЖЭО резервуарларын қуаттандыру сағатына 900 тоннаны құрайды (жылу желілерін қуаттандыру – сағатына 600 тонна). Қоректендіру диаметрі 150 мм (сағатына 150 тонна) ауыз су құбырынан жүргізіліп тұр.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәліметінше, вахталық және командалық-штабтық машина (КУНГ) базасында жылыту пункті ашылған, сондай-ақ «Vita» волонтерлері ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырды. Авария орнында облыстық әкімдік және Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы бар.