Фото: Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Бүгін, 26 шілде сағат 13:24 шамасында Екібастұз қаласы Қонаев 5 көшесінде орналасқан автогаз құю бекетінде газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт жақын маңдағы "Феруза" азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенген.
"Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас жігіттің денесі табылды. Оның кім екенін нақтыланып жатыр.
Өрт сағат 15:00-де оқшауланып, сағат 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Жеке сектор жолдың арғы бетінде 100 метрден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ" - делінген хабарламада.