05 сәу, 2022 сағат 13:44

Екібастұзда 8 жастағы қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі есірткі қолданған


Екібастұзда 8 жасар қызды қағып кеткен №6 автобус жүргізушісі есіртікі қолданғаны белгілі болды. Бұл туралы медициналық куәландырудан кейін зардап шеккен отбасының адвокаты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбада автобус қызды бар жылдамдықпен жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткені көрінеді. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес қыз бала өте ауыр жарақат алған.

Дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында қыз аман қалды, бірақ қазір оған пластикалық ота жасап, ұзақ уақыт оңалту қажет, себебі баланың беті қатты зақымданған.

Бұл оқиға 2021 жылдың 25 қарашасында болған. Алайда, қыздың ата-анасы жүргізуші де, тасымалдаушы кәсіпорын да әлі көмек көрсетпегенін, кешірім сұрамағанын айтады. "Жоламан-Эк" ЖШС басшылығы жүргізушінің қоғамдық көлікті қалай жүргізгені және мұндай жағдайларға жол бермеу бойынша қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы сұрақтарға түсініктеме берген жоқ. Кәсіпорын Екібастұзда жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды жалғастырып жатыр.

"Кәмелетке толмаған қызым ауыр жарақат алды, бас сүйегіне операция жасалды. Әлі біраз операция қажет болады, алған жарақаттары салдарынан сол жақ самай аймағына пластиналарды орнату қажет. Осы уақытқа дейін бізден ешкім кешірім сұрамады. Мен көлік компаниясының басшылығына емделуге, оңалтуға және операцияға кеткен шығынды өтеу мәселесімен жүгіндім. Бірақ, бұл мәселе бойынша кінәліге хабарласу керектігін айтып, өтінішім қараусыз қалды", - деді жәбірленушінің әкесі Руслан Байжанов.

Қыздың әкесі стресс салдарынан бүгінде - мүгедек. Қызының еміне өзі төлей алмайды.

Руслан Байжановтың сенімді өкілі Тереза Абрамова "Автомобиль көлігі туралы" ҚР Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес "жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы: рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 931-бабына сәйкес қызметі айналадағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар жоғары қауіптілік көзінен келтірілген зиянды меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не басқа да заңды негізде өтеуге міндетті екенін атап өтті.

"Жергілікті атқарушы орган тасымалдауды ұйымдастырушы ретінде ол ұйымға ешқандай шара қолданбаған. Сонымен бірге, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 196-тармағының 5 тармақшасына сәйкес, "Жол жүкті тасымалдауды ұйымдастырушы" тасымалдаушыға қатысты қолданылу мерзімі Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар берген куәліктердің күшін тасымалдаушының кінәсінен адам қаза болған жазатайым оқиғалар кезінде осы орган жауап береді. Егер компания өз автобустарының жүргізушілері үшін жауапты болмаса, олардың рейске аттанар алдында жағдайын бақыламаса, жолаушылардың және басқалардың қауіпсіздігінің қандай екендігі туралы айтуға болады", - деп ашуланды Тереза ​​Абрамова.

Қазір бұл істі Екібастұз қалалық соты қарап жатыр.