Зардап шеккен баланың анасы жолдаған суреттер
Екібастұз тұрғыны өзінің ұлын - 7-сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққандарға қатысты тергеудің қорытындысын күтіп жатыр. Оқиға наурыз айының басында № 6 мектеп-лицейінің аумағында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, сынған мұрын, жеңіл дәрежедегі үсік шалу, ол бірден есінен танып қалған, аузынан көбік аққан. Оны футбол алаңында ұрып-соққан, ал маңайда ересектер болмаған. Онда камералар да жоқ. Оқиғаны 30-ға жуық оқушы бақылап тұрған, ешкім тоқтатпаған. Сыныптасы жедел жәрдем шақырған. Сол кезде ол жерде ес-түссіз жатқан. Оқушылардың бірі оны мектептегі самалдыққа жеткізген, сол жақтан ауруханаға жеткізілген", - деп жазды зардап шеккен баланың анасы Instagram-да.
Әйелдің айтуынша, оқиғадан бері екі аптаға жуық уақыт өткен, бірақ мектеп басшылығы әлі күнге дейін баланың жағдайын сұрап келмеген.
"9 наурызда ұлым ауруханадан шығарылды, мектептегілер әлі күнге дейін үнсіз. Қылмыстық іс қозғалды, бірақ мектеп директорынан қоңырау болған жоқ! Әлі күнге дейін баламның денсаулығын сұрап келген емес. Мұндай немкетті көзқарасқа таңғалып отырмыз. Келесі күні мектепке барғанымда тіпті маған мұғалімдер полицияға жүгіндің деп айыптай бастады", - деп ашуланды әйел.