06 жел, 2022 сағат 14:24

Екібастұз ЖЭО учаске басшысы өлімінің ықтимал себебі аталды


Полицейлер Екібастұз ЖЭО-да қызмет атқарған учаске бастығы өлімінің ықтимал мән-жайын атады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, бұл дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Екібастұз қаласының ПБ-да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ болған оқиғаның алдын-ала мән-жайын анықтадық.

33 жастағы ер адамның денесі Екібастұз гараждарының бірінде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған жеке автокөліктен табылды. Мәлімет бойынша, оқиға отбасылық жанжал салдарынан болған және марқұмның қызметімен байланысты емес.

Бірқатар сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.