© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Екібастұзда 14 жастағы қызға зорлық жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Павлодар облысы Екібастұз қалалық полициясына жергілікті тұрғаннан 14 жастағы қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері туралы шағым түскен", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті.
Оқиға су қоймасында болған. Онда жасөспірім қыз достарымен бірге ересектердің қарауынсыз қалған.
Күдікке ілінген 28 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
"Аталған факті бойынша ҚК 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") 3-1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.