Instagram желісінде Екібастұз орталығында атқылаған судың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Тұрғындар оқиға жылу желілерінде болғанын жазып жатыр. Олардың айтуынша, үйлеріне жылу бере бастағаннан кейін құбыр жарылған.
Алайда "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС жағдайдың жылу желілеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
"Желіде тараған видеоға сәйкес, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 50-үй бойындағы орамішілік суық су құбырында апат болғанын хабарлаймыз. Салдары жойылды", - деді энергетикалық компания өкілдері.