Екі жасар өгей баласын ұрып өлтірді деген күдіктіге қатысты іс аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«1985 жылы туған азаматқа қатысты іс аяқталды. Күдікті ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес айыпталуда және іс Алматы қаласындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Аталған бап талаптары күдіктіні 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - деді қалалық прокуатураның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алматыда 2 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды. Оқиға 23 қыркүйек күні болған. «Медицина қызметкерлері 2 жасар ұл баланың ес-түссіз жатқанын айтты. Баланың миында қан ұйыған, көп жарақат алған, іші соғылған, аяқ-қолдары ұрылған. Бала комаға түсіп қалған. Кейін таяқ жеген бала есін жимастан ауруханада қайтыс болды.