28 там, 2025 сағат 17:35

Екі жасар баланы жерге лақтырып жіберген 13 жастағы жасөспірім оқиғасы: Қылмыстық іс қозғалды


Фото: Диана Ерлан instagram парақшасынан

Алматы қаласының балалар уәкілі Диана Ерлан екі жасар баланы жерге лақтырып жіберген 13 жастағы жасөспірімге қатысты іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Диана Ерлан екі бала да қызір өз үйлерінде екенін жеткізді.

"Балалардың ата-анасымен байланыстамын. Оларға жәбірленушілерді қолдау орталығында (ЦПП) психологиялық қолдау ұсынылды. Жәбірленуші тарапқа (2 жастағы баланың) медициналық қолдау көрсетілді, әрі қарай оңалту шаралары жасалады. Бала ата-анасымен үйінде. 13 жасар бала да ата-анасымен үйінде", - деп Диана Ерлан заңды өкілдерінің рұқсатынсыз балалардың түрі бар бейнелерді таратпауды сұрады.


Сонымен қатар Алматы қаласының балалар уәкілі аталған іс сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай реестріне 107 бап, 2 бөлім, 8 тармақ ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша тіркелгенін хабарлады.