Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында -28 градус аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар оқымайды.
Ал Ақмола облысында қатты бұрқасын салдарынан Степногорск қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып аралығында сабақ болмайды.