17 там, 2023 сағат 21:54

Екі емес, бір кеншінің денесі табылды – әкімдік

Фото: Шахтинск әкімдігінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысының әкімдігі өрт шыққан шахтадан 2 емес, 1 кеншінің денесі табылғанын хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әкімдік мәліметінше, мәйіт табылған жерге екі жақтан екі іздестіру тобы барған. Әрқайсысы өз есебін жібергендіктен, бір емес, екі мәйіт табылғаны туралы қате ақпарат тарап кеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та "Қазақстан" шахтасынан екі кеншінің мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

17 тамызда сағат 10:05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кетті. Оның төртеуі әлі іздестіріліп жатыр.