06 қаз, 2019 сағат 10:53

Екі боксшы да журналистер алдына шықпады: жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты

Нью-Йоркте қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жектің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Екі боксшы да журналистер алдына шыққан жоқ. Бұл туралы Sputnik агенттігі хабарлайды.

Украиналық боксшының промоутері Лу ДиБелла Головкин мен Деревянченко ауруханаға бара жатқандықтан, баспасөз мәслихатына қатыса алмайтынын айтты.

Қос боксшының айқасы Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Жекпе-жек барлық 12 раундқа созылды. Кездесудің алғашқы раундында қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раудта Головкиннің жойқын соққысынан украиналық боксшының қабағы жарылып, жарақат алды.

Төрешілер шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.