Ақмола облысы аумағындағы автожолдарда бірнеше көлік соқтығысып, 100-ден астам көліктің кептелесі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысында автожолдардың 56 учаскесі жабылды. Алайда соған қарамастан, өңірдің кейбір автожолдарында ірі жол-көлік оқиғалары орын алды.
«Аршалы ауданы Ижевск ауылы маңындағы жол айырығының алдында, яғни Қарағанды қаласы бағытындағы «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1321 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Анықталғандай, онда 13 автокөлік соқтығысты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жол апатының салдарынан 53 автокөліктің (оның 23 жүк көлігі) кептеліс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, сол күні Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолдың бойында 11 көлік соқтығысып, ұзын көлік кептелісі пайда болды. Мұнда 24 автокөлікке механикалық зақым келді.
«Өңірдегі автожолдардың жабық учаскелерінде апаттық-құтқару жұмыстарына 170-тен астам техника жұмылдырылды. Полицейлер мен құтқарушылар және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері ауа-райының жайсыздығынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетті», - деп толықтырды ведомстводан.