Фото: Pexels.com
EGov Mobile қосымшасында "Хронометрика: күнделікті уақытты ұтымды пайдалану" атты жаңа сауалнама пайда болды. Алайда бұл сауалнаманы қай ведомство өткізіп жатқаны белгісіз. Уақытты ауыстыруға қатысты бес сұрақ бар:
1. Бір күндік жоспарыңызда Сізге уақыт көп жағдайда не нәрсеге жетпей қалады?
2. Тәулік ішінде қай уақыт Сіз үшін ең қолайлы, өнімді?
3. Сіз тұратын жердегі қызмет көрсету орындарының (тамақтану орындары, спорт орталықтары және т.б.) қызметін қалыптасқан кестеден ертерек бастау идеясына қалай қарайсыз? Бұл сіз үшін күндік жоспар құруға ыңғайлы бола ма?
4. Қазіргі қолданыстағы уақыт өлшеміне қатысты ойыңыз қандай?
5. Сізге қай уақыт белдеуі оңтайлы?
Қазақстанда Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы қызу пікірталас жалғасуда. Жақында Ғылым министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек жаңа зерттеуге елеулі бюджет қарастырылып жатқанын айтты.