Жайық өзеніндегі су тұтыну жүктемесін азайту үшін Еділ өзені арқылы Ресейден алынатын судың көлемі көбейтілді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжіліс қабырғасындағы парламенттік тыңдауда осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жайық-Каспий бассейні бойынша әсіресе су аз жылдары керекті су жіберу үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың жұмысы синхрондалады. Қазақстан-Ресей бағдарламасы Жайық бассейніндегі экологияны сауықтырып, су сапасын жасқартады деп күтіп отырмыз», - деді Серікқали Брекешев.
Сондай-ақ ол Қараөзен мен Сарыөзеннің бойына су қоймасын салу жұмыстары басталғанын жеткізді.
«Су аз жылдары Еділден Сарыөзен мен Қараөзенге құйылатын су көлемі көбейді. Осы өзендерде су қоймаларының құрылысы жобаланып жатыр», - деді министр.