Израиль қауіпсіздік күші Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин ауданында палестиналық жасөспірімге оқ атып өлтіріп, тағы үш адамды жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAFA Палестина ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сәрсенбі күні таңертең Израиль әскері Дженинге және оған жақын Кабатия қаласына таң ата шабуыл жасап, терроризмге күдікті ретінде танылған палестиналықтарды тұтқындамақ болған. Атыс кезінде Палестинаның 20 жастағы азаматы қаза тапты.
Сарбаздар 7 сәуір күні Тель-Авивтің барында оқ атып, үш адамды өлтірген палестиналық Раад Хаземнің үйін қирату туралы бұйрық алған.
«Біз террорист емеспіз. Біз өз жерімізді, елімізді, сондай-ақ пайғамбарымыздың жолын қорғап жатырмыз», - деді Хаземнің әкесі Фатхи палестиналық БАҚ-қа.
Палестина қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері ұлының лаңкестік әрекетін бірнеше рет мақтаған.
Айта кетейік, бес палестиналық Дженин ауданында ұсталды. Палестиналық БАҚ олардың бірін Асим Абу аль-Хейдж деп атады. Ол ХАМАС палестиналық қозғалысының жоғары шенді шенеунігінің ұлы, деп хабарлайды Times of Israel Израиль әскерилеріне сілтеме жасап.