19 қыр, 2021 сағат 12:20

Душанбеде өткен ШЫҰ-ның бейресми кездесуіндегі Тоқаевтың суреттері жарияланды


Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Душанбедегі бейресми кездесуінен фотолар жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Суреттерді Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында бөлісті.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты.

Қазақстан Президентінің пікірінше, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құруға бастама жасағаны жөн.