10 ақп, 2023 сағат 15:33

Дүниежүзілік банк Түркияға 1,78 млрд доллар бөледі

сурет ашық дереккөзден алынды

Дүниежүзілік банк Түркияға 1 млрд 780 млн доллар жіберетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Табиғат апатының ауқымын бағалау және бірінші кезекте қалпына келтіріліп, қайта құруды қажет ететін облыстарды анықтау үшін залал көлемін жедел бағалау басталды», делінген банк мәлімдемесінде.

Дүниежүзілік банк басшысы Дэвис Малпасс «Дүниежүзілік банк бүгін адамдардың жаппай өліміне, жаралануына және Түркияның оңтүстік-шығысы мен оның айналасына айтарлықтай залал келтірген зілзала мен одан кейінгі жерасты дүмпулерінен соң қалпына келтіру жұмысы мен көмек көрсетуге $1,78 млрд бөлетінін» айтты.