27 сәу, 2021 сағат 16:39

Дүниежүзілік банк "Тәжіктелекомды" мемлекеттік бақылаудан шығаруды ұсынды



Дүниежүзілік банк (ДБ) "Тәжіктелеком" компаниясы елдің байланыс саласының бақылауынан шығуы тиіс деп мәлімдеді. Бұл жөнінде ДБ-ның Тәжікстандағы өкілі Ян-Петер Олтерс сандық экономика бойынша өткен онлайн-конференция кезінде мәлімдеді. 

"Тәжіктелеком" - қазір елді интернетпен қамтамасыз етуші жалғыз компания. Оның үстіне ауыл-аймақтарда интернет байланысы нашар. Ал, Тәжікстанда халықтың 70 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. 

ДБ мәліметіне сәйкес, 2019 жылы әрбір жүз қала тұрғынының тек біреуінің үйінде ғана интернет, 35 процентінде мобилді интернет болған. 

Baddikom ұйымының зерттеуі бойынша, интернет жылдамдығы жағынан Тәжікстан әлемде 124-орында тұр. Оның үстіне интернет байланысы ең қымбат аймаққа жатады – 1 гигабайт орта есеппен 20 сомони (2 доллар) тұрады.