29 мау, 2018 сағат 15:11

Дүниеге келген астаналық сәбилерге 17 заттан тұратын жиынтық табысталады

Астана әкімдігі жаңа дәстүр қалыптастырды. Енді елордада дүниеге келген әрбір сәбиге өмірінің алғашқы кезеңінде қажетті заттары бар жиынтық табысталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елорда инфо сайтына сілтеме жасап.

Сыйлық жиынтығы 17 заттан тұрады: тоқыма кеудеше, тоқылған бас киім, қолғаптар, тоқылған жамылғы, 2 жаялық, 2 жейде, 2 телпек, 4 жұп шұлық, конверт, сәбидің алжапқышы, сөмке т.б.  Баланың алғашқы айында қажетті бұл заттардың барлығы отандық өнім.

Айта кетейік, күн сайын елордада 70-80 сәби дүниеге келеді.