Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бір топ дәрігерді Қарағандыға жібереді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге консультациялық көмек көрсету үшін құрамында токсиколог, травматолог-ортопед және нейрохирург бар жоғары дәрежелі дәрігерлер тобын Қарағандыға жібереді.
Зардап шеккен кеншілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін саланың үздік мамандарын тарта отырып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
Қазіргі уақытта 18 адам профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді, оның 17-сі стационарлық емдеуге жатқызылды, 1 зардап шегуші амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдармен уланудан зардап шеккен 15 адам аурухананың токсикология бөлімшесінде емделуде. Бір адам политравмамен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде, жағдайы ауыр, тұрақты, есін біледі" - делінген хабарламада.
Жағдайы орташа ауырлықтағы тағы бір зардап шегуші травматология бөлімшесінде медициналық көмек алады.