Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек жеткізу келісімшартын біржақты тәртіппен бұзады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс отырысында депутат Зарина Қамасова өмірі мен денсаулығы дәрі-дәрмек қабылдаумен байланысты қазақстандықтарды қазіргі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Украинадан дәрі-дәрмек жеткізудегі үзіліс алаңдатып отырғанын айтты.
"Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі Украинадан дәрі-дәрмек жеткізуде қиындықтарға тап болды. Ол елден 25-тен астам дәрі-дәрмек сатып алынады. Тағы бір проблема - бұл біздің өндірістің бірқатар компоненттер мен логистикаға импортқа тәуелділігі. Ауруханалар дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы заттарды шекті бағамен сатып алатындықтан, бүгінде оларда шприцтер, катетерлер немесе басқа да қажетті заттар тапшылығы болуы мүмкін. Осындай қарқынмен 90-жылдардағыдай дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қымбат бағаға сатып аламыз. Бірақ Үкімет ұзақ мерзімді қор барын айтты. Егер бірқатар аймақтарда "СК-Фармация" қоймалары болмаса, бұл қалай болады? Айтыңызшы, сіздер науқастарды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуді қалай жоспарлап отырсыздар"- деп сұрады депутат Денсаулық сақтау министріне.