ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев елімізде кейбір дәрі-дәрмек бағасының қымбаттау себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Денсаулық сақтау министрлігі бағаның өсуіне жол бермеу үшін шекті бағаларды айқындаған. Бұл мәселе министрлік бұйрығымен регламенттеледі. Шекті баға дәрі-дәрмектің 770 атауы бойынша бекітілген. Егер сараптамаларға сүйенер болсақ, 90 пайыз жағдайда баға көтерілген жоқ. 10 пайызына баға көтерілді. Бірақ, біз халықаралық нарыққа сараптама жасай отырып бағаны көтердік», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Осы ретте ол министрліктің бағаны көтеруіне не түрткі болғандығын да түсіндіріп берді.
«Оларды алдағы уақытта нақты жоғалтып алмау үшін бағаны көтеруге келісуге тиіс болдық. Бұл шамамен 300 атауға қатысты. Дәрі-дәрмектердің 90 пайызына баға көтерілген жоқ. Тіпті оларға бағаның 14 пайызға төмендеуі орын алды. Бүгінде дәрі-дәрмек бағасын реттеуге қатысты осындай жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Жандос Бүркітбаев.