Фото: Freepik
Алматыда қызылша өршіген мектепте бала тым көп. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Министрдің айтуынша, биыл қызылша ауруы көбейген. Мектеп оқушылары демалыста болған кезде көрсеткіштер төмендеген, бірақ оқу жылы басталғанда жағдай тағы да ушыға түскен. Әсіресе бір уақытта көп бала сабақ оқитын жерде.
"Осы жағдайға келсек (Алматыдағы - еск.), бұл мектепте бала саны көп. Ол жерде мектеп басшылары эпидемиологтармен бірлесіп аурудың алдын алу шараларын қабылдады (келісілді - еск.), балаларды инкубациялық кезеңге, 21 күндік бақылауға, қашықтан оқуға жіберу", - деді Ғиният ОҚК-да өткен брифингте.
Науқас баламен байланыста болған барлық бала, министрдің айтуынша, "жедел анықтау, оқшаулау және жедел емдеу үшін" инкубациялық кезең өткенге дейін бақылауда болады.
Еске сала кетейік, Алматыдағы №172 мектептің бастауыш сынып оқушылары қызылшаға байланысты бір айға жуық уақытқа қашықтан оқуға жіберілгені белгілі болған еді.