Ақтөбеде екі дос жанжалдасып, бірі екіншісін монтировкамен ұрып, өлтіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбелік ұлының жоғалып кеткенін айтып, полициядан көмек сұраған. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленуші мен досының арасында жанжал болғанын анықтады.
«Жанжал кезінде 25 жастағы жігітті досы монтировкамен ұрып, автокөлігіне тиеп, өзен жағасына апарып тастаған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, Ақтөбе полициясы бұған дейін ақша бопсалап келді деген күдікпен екі адамды ұстады. Оларды тінту кезінде 400 мың теңге тәркіленді. Бұған дейін олар 1,7 млн теңгесінен айырылса, кейін қаскөйлер тағы 1,5 млн теңге талап еткен. Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге «қамауға алу» бұлтарпау шарасы қолданылды.