01 қар, 2017 сағат 15:30

Достықты дәріптеген "Чак-Чак Байрам" мерекесі тойланды

29 қазан күні Достық үйінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен және «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысындағы филиалының бастамасымен «Чак-Чак Байрам» мерекесі өтті.

Іс-шараны Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс істеу бөлімінің басшысы А.Тасмағанбетова құттықтау сөзбен ашып, Елбасымыздың саясатының арқасында Қазақстанда тұратын барлық ұлттар бірлікте, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын, бүгінгі іс-шара және барлық Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралары Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде өтіп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Қарағанды облысындағы филиалының төрайымы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі С.Сатретдинова өз сөзінде: «Бұл мереке, қонақжайлылық пен тату көршілік және халықтық дәстүрлерін нығайтады,» - деді.

Татар,башқұрт халықтарының ұлттық тағамдары мен аспаздық бұйымдары, іс-шараға жиналғандардың мерекелік көңіл-күйі мен әр түрлі ұлт өкілдерінің рухани бірлігі  мерекенің шырайын енгізіп,ерекше рухани әсер сыйлады.

Мерекені ұйымдастырушыларды«Дагестан» ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ-нің «Хайдакъ» ансамблі, «Казачья вольница» ҚБ,«Дакия» румын мәдени қоғамы»ҚБ өкілдері құттықтап,ән-жырдан шашу шашты.

«Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының Ассоциациясы» ҚБ өнерпаздарының  мерекелік концерттік бағдарламасы іс-шараға жиналған қауымның көңілінен шықты.

Айта кетсек, «Чак-чак Байрам» мейрамын тойлау дәстүрін 2008 жылы Казань қаласында өткен татар жастарының III-дүниежүзілік форумының қатысушылары қолға алған болатын. Сол күннен бері татар жастарының бастамасы күллі әлемдегі татар диспорасы тарапынан қолдау тауып, күні бүгінге дейін тойланып келеді. Акцияның мақсаты мәдениетаралық құндылықтарды насихаттау болып табылады. Бұл мейрам татар және башқұрт халқының ең дәмді чак-чак асының құрметіне аталған.