20 сәу, 2022 сағат 17:00

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 18 тиынға қымбаттады. 

Осылайша АҚШ валютасының орташа бағамы 444, 03 теңге болды. Ал 20 сәуірдегі ресми бағам 443, 57 теңгеге тең еді. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 444, 95 теңге, сатып алу – 448, 89 теңге. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 445, 15 теңгеден болса, сатып алу құны – 447,76 теңге.