Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,44 теңгеге өсіп, 478,39 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасыгың 14 шілдедегі ресми бағамы 475,91 теңге тең болған.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 475,94 теңге, сатылымда - 480,64 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 475,97 теңгеден сатып алып, 479,36 теңгеден сатып жатыр.