Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,98 теңгеге көтеріліп, 472,20 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 26 тамыздағы ресми бағамы - 465,05 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 474,53 теңге, сату – 479,08 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,05 теңгеден сатып алынып, 476,32 теңгеден сатылып жатыр.