02 мау, 2022 сағат 16:35

Доллар бағамы қайта көтерілді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,37 теңгеге көтеріліп, 432,78 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 2 маусымдағы ресми бағамы - 424,62 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 429,79 теңге, сату - 437,33 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 433,68 теңгеден сатып алынып, 436,20 теңгеден сатылып жатыр.