14 нау, 2022 сағат 18:16

Доллардың 15 наурызға арналған ресми бағамы белгіленді


Ұлттық банк 15 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сейсенбіде доллар бағамы 511,71 теңге болады. Айта кетейік, доллардың 12-14 наурыздағы ресми бағамы 510,79 теңге болған еді. 15 наурыздағы рубльдің ресми бағамы 4,54 теңге болды.


Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы - 511,71 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 515 теңге, ал сатылымда - 519,69 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде валютаны орташа есеппен 515 теңгеден сатып алып, 519,17 теңгеден сатып жатыр.