Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 13 шілде кешімен салыстырғанда 0,91 теңгеге арзандап, 1 доллар 425, 59 теңге болды.
Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 51теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,76 теңге, сатып алу – 427,29 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,64 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 426,73 теңге.