09 мау, 2022 сағат 16:47

Доллар тағы қымбаттады


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE қор нарығының деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 1,03 теңгеге қымбаттап, орташа құны 434,51 теңге болды. Ал кеше АҚШ валютасының бағамы 433,45 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 433,53 теңге, сатып алу – 438,97 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 432,60 теңгеден болса, сатып алу құны – 436,09 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мамыр айында теңгенің нығая түскенін айтқан болатын.