08 шіл, 2021 сағат 12:35

Доллар тағы қымбаттады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 7 шілде кешімен салыстырғанда 1, 37 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 429, 23 теңге болды. 

Ұлттық банктің 8 шілде күнгі ресми бағамы: 1 доллар – 427, 85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 428,30 теңгеден сатылса, сатып алу - 429,81 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 428,05 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 429,21 теңге.